03.10.2022
  122


Автор: Ертай Ашықбаев

АЗАМАТ ӨСІП КЕЛЕДІ

Ерінбей сурет салады,
Жасайды қағаз кемені.
Таудан да биік талабы,
Азамат өсіп келеді.
Көрсетіп көмек кішіге,
Үлкенге сәлем береді.
Ұқыпты барлық ісіне,
Азамат өсіп келеді.
Ағаларына ереді,
Қарсы алып нұрлы таңдарды.
Азамат өсіп келеді,
Бұл кітап соған арналды





Пікір жазу