03.10.2022
118
ҚАРАШАНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ
Жел де тына қалыпты,
Бір ызғар бар ауада.
Күз көшері анық-ты,
Қар жауа ма,
Жауа ма?
Бұлттар көшті тоқталмай,
Кетті аспан мұнартып.
Шиқылдады көп торғай,
Уайымсыз бұлар түк.
Біз атқарар жұмыс бар,
Қыс тез келмей тұрғаны-ақ.
Керек бізге күміс қар,
Керек бізге сырғанақ.
Аз күттік пе, немене,
Айтсаңызшы, а-ау, аға,
Қыс тезірек келе ме,
Қар жауа ма,
Жауа ма?
Қайттым үйге тістеніп,
Бір күрсініп алдым да.
...Қар туралы түс көріп
Жатқан шығар...
шаңғым да.