03.10.2022
  163


Автор: Ертай Ашықбаев

ДАЛА МЕН БАЛА

Қарап тұрмын:
Сәні жоқ даланың да,
Бір кірбің бар аспанның қабағында.
Қайта-қайта түйілген қара бұлттар
Алып жетті жаңбырдың хабарын да.
Қарап тұрмын:
Сәні жоқ даланың да,
Мазасы жоқ шалағай баланың да —
Су-су болып келеді бәтеңкесі,
Ылғи балшық жүреді балағында.





Пікір жазу