03.10.2022
126
КӨҢІЛСІЗ КЕШ
Оң жақ,
сол жақ,
айналам —
Торғай,
торғай толған кіл.
Әні қайда сайраған,
Шаршады ма жолдан бір?
«Шиқ-шиқ» етіп жүрмес пе,
Бірі қонып, бірі ұшып...
Неге,
неге бұл кеште
Отыр бәрі бүрісіп?
Жүр,
себебін сұрайық,
Келді кесел,
қап,
қайдан?
Отыр ма екен мұңайып,
Балапанға таппай дән?
Барайыншы мен еріп,
Жасайыншы пайдалы іс.
...Ал, жүр,
тамақ берелік,
Балапаның қайда,
құс?..