03.10.2022
  184


Автор: Ертай Ашықбаев

Таң

Көтерілді жарты Күн,
Бірте-бірте толығар.
Сәулесіне балқыдым,
Таң келеді —
көріп ал.
Таза ауаны бір демде
Жұтып-жұтып алды қыр.
Дүр оянып гүлдер де,
Қозғалақтап қалды бір.
Сәл жанасып кетіп ем
Аққайыңға шеттегі,
Жапырақтың бетінен
Шық сорғалап кеткені...
Көжек менен шошыды,
Қонды торғай бұтаққа.
...Ақын болып
Осыны,
Ай, жазар ма ем кітапқа!





Пікір жазу