03.10.2022
  193


Автор: Ертай Ашықбаев

Жаңбыр

«Күн бұлтты» деп қойды ағам,
Желдеткішті жауып кеп.
Керегі сол, ой, маған,
Жау,
жау,
жаңбыр?
Жауып кет!
Ешқашан да ойламан
Жаңбырды мен қауіп деп.
Осындай шақ —
той маған,
Жау,
жау,
жаңбыр!
Жауып кет!





Пікір жазу