meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  162


Автор: Ертай Ашықбаев

Өткінші

Өтті жаңбыр сіркіреп,
Тез таусылып қалды әні.
Өспеді шөп дүркіреп,
Жер сусыны қанбады.
Мен еккен гүл тағы да
Құдық суын ұрттай ма?
Күтіп жүрміз сағына,
Жаңбыры көп бұлт қайда?





Пікір жазу