03.10.2022
  151


Автор: Ертай Ашықбаев

ӨЗЕН ЖАҒАСЫНДА

Кел, бізбен суға түс бірге,
Тамаша —
өзен жағасы.
...Ой, ғажап құмның үстінде
Тасбақа жатыр,
Қарашы.
Жасырды басын деп-демде,
Қашпайды неге далаға?
...Сауыты қызып кеткенде
Өзенге түсіп ала ма?





Пікір жазу