meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  183


Автор: Ертай Ашықбаев

БІЗДІҢ КӨЛ

Біз шомылар көл бұл,
Айдыны дәл айна.
Суы шықтай мөлдір,
Құмы жылы, майда.
Жаға толы гүлге,
Тең келер көл қайда?
Ұрланып кеп түнде
Шомылады Ай да.





Пікір жазу