03.10.2022
  117


Автор: Ертай Ашықбаев

ӘСЕМ ӘСЕР

Күн —
қашық,
Жел тынды,
Кеңіді тынысым.
Көңілім желпінді,
Аңғардым мұны шын.
Ағамнан қалмадым,
Тез жеттім өткелге.
Жүгірдім.
Салмағым
Жеңілдеп кеткен бе?
Өткелге жеттім кеп
Қиялым шарықтап.
Құс болып кеткім кеп,
Кеткім кеп...
Қалықтап.
Көбелек көп, тегі,
Бәрі де ұнады-ау.
...Бұлттар да көктегі
Жеп-жеңіл шығар-ау.





Пікір жазу