03.10.2022
  116


Автор: Ертай Ашықбаев

АПТАП

Ауа ыстық,
Жел ыстық,
Ыстық құм да,
тақыр да.
Өртеніп тұр кеңістік
Сая болмас шатыр да.
Шара таппай күймек пе ел?
Шілде де бір —
шоқ та бір.
Жайылмайды үйректер,
Көшеде де жоқ дабыр.
Көлеңкең мен тасаңды
Аңдып тұр Күн мызғымай.
Отырамыз қашанғы
Үйден шықпай біз бұлай?
От жұтқандай боласың,
Шөліркеді құс,
міне.
...Бұлттар,
қашан қонасың
Біздің үйдің үстіне?





Пікір жазу