03.10.2022
  96


Автор: Ертай Ашықбаев

Ұқсастық

Бұзауыма шөп берем,
Қошақанға сүт берем.
Қора жаққа көп келем,
Шаршамаймын түк те мен.
Және тыныс алам ба,
Балапанға таппай дән?
Сосын,
сосын...
Маған да
Береді әжем тәтті айран.





Пікір жазу