03.10.2022
455
Кемпірқосақ
Сан түрлі ажар көрікпен
Арбады,
міне,
көзімді.
Суретін салмақ болып мен
Тауыстым әбден төзімді.
Тізгінін көңіл босатты,
Қиялым шырқап кеткені...
Салайын кемпірқосақты.
...Бояулар,
жылдам жет бері!