03.10.2022
  161


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨК ӨРІС

Мына қырат
Ішкен бе
Көк бояуды қанып бір?
Толып түрлі түстерге
Көздің жауын алып тұр.
Босады...
он...
жүз аула
Өріс көктеп кеткелі.
...Таң білінді
Бұзаулар
Осы жаққа беттеді.
Бәрі жөңкіп барады-ай
Қарғып томар,
түбірден.
Мектептегі баладай
Асханаға жүгірген.





Пікір жазу