03.10.2022
  133


Автор: Ертай Ашықбаев

ОРМАННЫҢ ӘНІ

Шықты көкке жүзіп Күн,
Әппақ бұлттар қалқыды.
Кетті ауа қызып тым,
Денем әбден балқыды.
Сәуір келді.
Бұл айда
Әрбір күнім —
той менің.
...Бала,
саған ұнай ма
Мына жасыл көйлегім?





Пікір жазу