03.10.2022
156
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
БІЗДІҢ АУЛА
Көрген бала өзі ұғар,
Артық қызық іздер кім?
Тентек лақ бар,
қозы бар
Ауламызда біздердің.
Бір иіскеп алады
Шөп әкелсем бұзау да.
Қолым тимей қалады
Үйден әрі ұзауға.
Бір сүйсінбей өтер кім?
Бәрі жұртқа ұнауда.
Кіп-кішентай бөпемнің
ЗООБАҒЫ —
бұл аула.