03.10.2022
  128


Автор: Ертай Ашықбаев

СОҢҒЫ ҚАР

Көкте Күн жоқ, мейлі,
Демеймін:
«Қауіп бұл».
Енді қыр көктейді,
Соңғы қар жауып тұр.
Ақ құйын өтті ме,
Алдымды орап бір?
Қорыққам жоқ, міне,
Соңғы қар борап тұр.
Біз үшін сауық бұл,
Жүгірдік шаттанып.
Соңғы рет жауып тұр
Қылаулап...
ақ мамық...





Пікір жазу