meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  268


Автор: Ертай Ашықбаев

СҮҢГІ МҰЗ

Су болды қолғабым,
Су болды байпағым.
Мен неге тоңбадым —
Себебін айтамын.
(Күте тұр шамалы,
Киейін етікті).
Көктемнің хабары
Бізге де жетіпті.
Келер деп жақында
Күттік бұл күнді біз.
Ілініп шатырға
Тұр,
әне,
сүңгі мұз.
Дәл осы күнді біз
Күткенбіз көптен бір.
Еріп тұр сүңгі мұз,
Алақай,
Көктем бұл!





Пікір жазу