03.10.2022
  147


Автор: Ертай Ашықбаев

ОЙЫННАН СОҢ

Ақ қар жапты даламды,
Көрген соң-ақ мұны мен,
Алып шығып шанамды,
Сырғанадым күнімен.
Қызықтардың барлығын
Қалай айтып тауысамын?
Төбелерден қарғыдым,
Тоңды бетім саусағым.
Тоңдым.
Үйге кірдім мен,
Шанам қалды қорада.
Қора суық,
Кім білген,
Шанам енді тоңа ма?





Пікір жазу