03.10.2022
  98


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖЫЛЫ ЖЕР

Қызықтайсың түрін,
Таба алмайсың қырдан.
Бар бір аппақ гүлім
Үйде өсіп тұрған.
Қайтсін қырға көшіп,
Не бар белес-белде?
Тұрады ол өсіп
Үйде —
Жылы жерде.
Үнсіз мүлгіп бақ тұр,
Қарға толды ірге.
Бөлмеде...
Мен,
Ақ гүл,
Жылынамыз бірге





Пікір жазу