meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  166


Автор: Ертай Ашықбаев

Мен туған күн

Тойлайыншы мен де енді,
Қарлы ақпанда туыппын.
Сол күн бүгін келген-ді,
Дала бірақ суық тым.
Көре алмадым торғайды,
Қатып жатыр бұлақ та.
Өзгертуге болмайды,
Туған күнді бірақ та.
Басталды бір ақ боран,
Үйге кірдім қайтадан.
Енді қайтіп шаттанам,
Енді қайтіп айтам ән?
Түзей алар кім мұны?
Кінә — туған күнімде.
Жыл сайын мен бұл күні
Отырам пеш түбінде.





Пікір жазу