03.10.2022
175
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
Жарыс
Мініп бір-бір шанаға,
Кеттік таудан зырлап-ақ.
Мұндайда шет қала ма,
Көрермендер тұр қарап.
Озсам деген талаппен,
Ұмтылсам да ілгері,
Оза алмадым,
Қап, әттең!
Намыс өртеп тұр мені.
«Өкінбе» деп,
Кезекпен
Жұбатты дос, таныс та.
Шанам — шабан.
...Не жеткен,
Шіркін, жаяу жарысқа.