03.10.2022
131
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
АЛҒАШҚЫ ҚАР. АҚ МЫСЫҚ
Аула толды арайға,
Інім қармен ойнады...
Ақ мысығым,
алайда,
Тыным таппай қойғаны.
Терезеге асылып,
Көп қарады бүгін кеп.
Ойлай ма екен:
«Шашылып
Қалыпты ғой жүнім», — деп.