03.10.2022
  104


Автор: Ертай Ашықбаев

ПОРТФЕЛЬДЕГІ КӨКТЕМ

Қыс.
Қап-қалың қар мұнда,
Шуақ қайда?
Білмедім.
Бояуымды алдым да,
Салдым көктем гүлдерін.
Салдым көктем гүлдерін,
«Енді уайым жоқ», — дедім.
Портфелімде жүр менің
Жалғыз парақ көктемім.





Пікір жазу