03.10.2022
  143


Автор: Ертай Ашықбаев

ТАНЫС ТОРҒАЙДЫҢ ӨТІНІШІ

Аула толы ақша қар,
Аяз мүлдем қысып тұр.
Дірілдейді бақшалар,
Кетпес пе екем үсіп бір?
Қар...
Әппақ қар қайда да,
Көрінбейді жер шегі.
...Бері келші,
әй, бала,
Танып тұрмын мен сені.
Сонша тоңып қалғаным,
Жаңылдым-ау әнімнен.
...Аузын ашып қамбаның
Бере тұршы дәніңнен.





Пікір жазу