03.10.2022
104
КҮМІС БУ
Ақ көрпе тозды әлгі
Мүжіліп шетінен.
... Күміс бу қозғалды
Қара жер бетімен.
Даланың келбеті —
Жайдары.
Дұрыс бұл.
Күміс бу — жер беті,
Жер беті — күміс нұр.
Күміс нұр шашылды,
Шашылды мың ұшқын.
Бұлт тауға асылды,
Қасында — күміс Күн.
Ақ көрпе тозды анық,
Жылы леп тарады.
... Күміс бу қозғалып,
Қозғалып барады.