meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  179


Автор: Ертай Ашықбаев

МӨЛДІР ШЫҚ

Түн қысқа — сол қырсық,
Таң келіп үлгерді.
... Жуады мөлдір шық
Әдемі гүлдерді.
Аспанның шуағы
Мейірімін төкті енді.
Мөлдір шық жуады
Балауса шөптерді.
«Мөп-мөлдір суыңды
Құйшы», — деп,
Малшынып,
Жапырақ жуынды,
Жуынды тал,
шыбық..
Жуынды құрақ та,
Жуынды қамыс та.
... Жүгір, ұл, бұлаққа,
Жүгір, ұл, қалыспа!





Пікір жазу