03.10.2022
  147


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚАРА ТҮН

Сыртқа шықтым,
сескендім,
Шақырайын ағамды.
Одан басқа не істермін?
Түн — қап-қара,
қараңғы.
Қара шашты сайтандар
Аңдып жүр ме адамды?
Балалар-ау, байқаңдар,
Түн — қап-қара,
қараңғы.
Сайтан мені тыңдай ма?
Қайтсін бестік бағамды.
Ағам, ағам жүр қайда?
Түн — қап-қара,
қараңғы.
Түн — қап-қара,
қараңғы,
Қорықтым мен.
Масқара!
Шақырайын ағамды.
... Білдірмейін басқаға.





Пікір жазу