03.10.2022
253
ҚЫП-ҚЫЗЫЛ ҚЫЗҒАЛДАҚ
Қыр неге қып-қызыл?
Қызғалдақ — анық бұл.
Қуантты құтты жыл,
Қыр үсті жанып тұр.
Құмарым қанып бір
Қарадым жүз барлап.
Қыр үсті жанып тұр —
Қып-қызыл қызғалдақ.
Қызығып тұрмын кеп,
Басқаша не дейін?
Терейін бір-бірлеп,
Қызғалдақ терейін.
Қызғалдақ термекпін,
Қыр үсті — қып-қызыл.
Мен кеттім,
мен кеттім,
(... Осымен бітті жыр.)