03.10.2022
  149


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨК НҰР

Артта қалды көк теңіз,
Қимай-қимай барамыз.
Жоқ ешқандай өкпеміз,
Біз — риза баламыз.
Көп айтамыз сағына,
Көп жүгірдік жағада.
Ұнағаны...
тағы да
Шаңқылдаған шағала.
Шағалалар көп мұнда,
Көзді күнде арбайды.
Қанаттарын көк нұрға
Малып алып самғайды...





Пікір жазу