03.10.2022
126
Өкініш
Күлімдейді таң мына:
«Алтын сәуле таратам».
...Жұмыртқасын жарды да,
Жерге түсті балапан.
Бірақ шуақ шашпады —
Өзгерді аспан кенеттен.
Жаңбыр жауа бастады
Су құйғандай шелекпен.
Балапанға обал-ақ,
Қарсы алмады Күн сүйіп.
Бір уыс боп домалап,
Қалды мүлде бүрсиіп.
Балапан ғой бұл әлі,
Тыңда ойлап тапқанын:
— Жақсы екен, — деп жылады, —
Жұмыртқада жатқаным.