03.10.2022
181
КӨКҚҰТАННЫҢ СИРАҒЫ
Сирағы ұқсас қамысқа —
Жіңішке,
өте ұзын-ақ.
Қосылса егер жарысқа,
Оза ма бізден?
Қызық-ақ.
Досымды аяп кеттім мен,
Бір сұрақ оны қинады:
«Соққанда дауыл екпінмен,
Кетпей ме сынып сирағы?»