03.10.2022
  134


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ

Сәнсіз кезең күз неткен!
Суық сорды даланы.
Көк жүзінде тізбекпен
Құстар қайтып барады.
Өкіндіріп атаны,
Өкіндіріп баланы,
Бұзылмастан қатары,
Құстар қайтып барады.
«Қош» деу керек —
сезгенім,
Құстар қайтып барады.
Тек...
Оралар кездерін
Ұмытпаса жарады.





Пікір жазу