meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  257


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖАҢБЫР ЖАУҒАНДА

Міне, қара,
мөлдіреп
Жаңбыр...
Жаңбыр жауып тұр.
Бұтақтарға қонды кеп
Құстар тыным тауып бір.
Таса жерді мекендеп
Отыр.
Жаңбыр жақпай ма?
Тамшы тесіп кетер деп,
Қанаттарын қақпай ма?





Пікір жазу