03.10.2022
181
ҚАЙЫРЫМДЫ АНСАМБЛЬ
Орман —
ғажап тұрақ бұл,
Ағаштар көп мәуелі.
Бір ансамбль құрап тұр
Барша құстың әуені.
Қиял көкке самғайды,
Тамсанды қыз,
тамсанды ұл.
Түк ақы-пұл алмайды
Қайырымды ансамбль.