03.10.2022
  131


Автор: Ертай Ашықбаев

Қонақ

О, жұмысым көп-ақ,
Келмек маған қонақ.
Мынау ірі күріш,
Ұсақтадым —
дұрыс.
Үгіндісін нанның
Табақшаға салдым.
Мынау шикі тары,
Су бар...
Дайын бәрі.
Дайын бәрі.
Жөн-ақ —
Келмек маған қонақ.





Пікір жазу