meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  146


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨКЕКТІҢ ЖАРНАМАСЫ

Ойламайды басқаны,
Өзін ғана баптайды.
Жұмыртқасын баспады,
Балапанын бақпайды.
«Кө-кек»,
«Кө-кек» —
ұраны.
Осынысы күлкілі.
Жарнамалап тұрады
Өзін өзі...
күн-түні.





Пікір жазу