03.10.2022
  127


Автор: Ертай Ашықбаев

КӘКІЛІКТІҢ КОНЦЕРТІ

Ұшсаң да биіктеп,
Қонсаң да қапылып,
Айтарың сүйіп тек:
«Кәкілік-кәкілік».
Шаршаттың бүгін де
Концертке шақырып.
Бір-ақ сөз тіліңде:
«Кәкілік-кәкілік».
Шырқайсың екпінмен:
«Кәкілік-кәкілік».
...Іздеуге кеттім мен
Басқа бір тақырып.





Пікір жазу