03.10.2022
275

МЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫМ НЕМЕСЕ ГАЗЕТ РЕДАКТОРЫНА ҚОСЫМША ХАТ
Жаздым өлең шығарма
Өз сыныбым туралы.
Оқырманға ұнар ма
Ұйқасы мен шумағы?
Өтірік сөз қоспадым,
Бәрі шындық,
Мұны ұғын.
Осы менің достарым,
Осы менің сыныбым.
Шығып бұл жыр газетке,
Тарап кетсе көпке егер,
Деп:
«Бізге ақын қажет пе?»
Бәлкім, сынып өкпелер.
Бәлкім, ешкім шошынбай,
«Жазыпты, — дер, — қатырып».
Біздің сынып осындай —
Дайын тұрған тақырып.
Қанша сырды жүріппін
Сыйғызып аз көлемге.
...Ақыны бар сыныптың
Ақиқаты —
өлеңде.