03.10.2022
93
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫ. КРЫЛОВ
Жолымызды тұсады
Болса-дағы қанша аян.
Крыловтың мысалы —
«Аққу, шортан һәм шаян».
Ал таласар шақ туды,
Кімдерге не жолықты?
Алғаш рет аққуды
Әсет биыл көріпті.
Асан айтты салмақпен
Өзінің бір еңбегін:
Жаздыгүні қармақпен
Шортан ұстап келгенін.
Сөйледі олар екпінмен,
Мен де енді төзем бе?
Әңгімелеп кеттім мен
Барғанымды өзенге.
«Керегі не ал мұның?» —
Демей,
Сабақ сұрамай,
Оқиғаның барлығын
Үнсіз тыңдап тұр ағай.
Айтып жатыр көп қызға
Бір әңгіме Баян да.
...Ұқсап кеткен жоқпыз ба
«Аққу, шортан, шаянға?»