03.10.2022
  328


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖАС ҰЛАНДАР ЖЫРЫ

Өркеніміз даланың,
Ертеңіміз қазақтың.
Аманаты бабаның —
Тәуелсіз таң, азат күн.
Қайырмасы:
Кез де келер ер жетер,
Біз сенімді жолдамыз.
Бесігінде тербетер
Отанымыз — ордамыз.
Бай мұрасын сыйлады
Қасиетті халқымыз.
Елдік тәлім жинағы —
Дәстүріміз, салтымыз.
Қайырмасы.
Сөгілмейді іргеміз,
Осылай сөз бергенбіз.
Қай кезде де біргеміз
Туып-өскен елмен біз.
Қайырмасы.





Пікір жазу