03.10.2022
169

МЕКТЕБІМ
Есімде ең алғаш
Еркелеп келгенім.
Ерте-кеш демалмас
Анамсың сен менің.
Қайырмасы:
Мектебім — бесігім,
Мектебім — бесігім.
Мен үшін әрқашан
Ашық тұр есігің.
Ұстазды тыңдадым,
Үйрендім әріпті.
Алғашқы жылдарым
Есімде қалыпты.
Қайырмасы:
Шақырса жер шегі
Шаршамас құстаймын.
Мектебім, мен сені
Есімде ұстаймын.
Қайырмасы.