03.10.2022
  78


Автор: Ертай Ашықбаев

Құстар

Күз де келді, қараңыз,
Суық аспан сұстанды.
Аттандырды даламыз
Жылы жаққа құстарды.
Қайырмасы:
Қызықтап қарадым
Ұшқанын,
Ұшқанын...
Еркесі даланың
Құстарым,
Құстарым...
Көктем келді, қараңыз,
Қош айтысып қыс қалды.
Қарсы алып тұр даламыз
Сағындырған құстарды.
Қайырмасы.
Құс қумайтын баламыз,
Баламыз біз ұстамды.
Еркелетсін даламыз
Қалықтаған құстарды.
Қайырмасы.





Пікір жазу