03.10.2022
  129


Автор: Ертай Ашықбаев

Гүлдер

Жайнатты бақшаны,
Күлімдеп көктем кеп.
Мына гүл — ақсары,
Мына гүл — көкпеңбек.
Қайырмасы:
Даламыз түрленді,
Көрмеміз — бұл нағыз.
Үзбеңіз гүлдерді,
Гүлдерді жұлмаңыз.
Келген ғой, құрбым-ау,
Тағы да құтты жыл.
Жап-жасыл гүл мынау,
Мына гүл — қып-қызыл.
Қайырмасы.
Гүлдергежайнаған
Нұр септі күміс таң.
Нұрдала — айналам,
Айналам — Гүлстан.
Қайырмасы.





Пікір жазу