03.10.2022
121
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
ҚАЗДАР
Даланы қар басты,
Суық жел соғады.
Аяздан алғашқы
Қаздарым тоңады.
Қайырмасы:
Мұңаймаңдар, қаздар,
Алдарыңда жаз бар.
Дала шоқтай маздар,
Мұңаймаңдар, қаздар.
Қар мынау саулаған,
Біздің жақ — салқын жақ.
Шықпайды ауладан
Қаздарым қаңқылдап.
Қайырмасы.
Сары аяз шымшыды,
Қаздарым торықты.
Бәрінің тұмсығы
Қып-қызыл болыпты.
Қайырмасы.