03.10.2022
  110


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕСІКТІҢ ЖЫРЫ

Қажет етер ісім елді,
Ашыламын...
Жабыламын...
Үйден шыққан кісілерді
Сағынамын...
сағынамын...
Жұрт жұмысқа тағы аттанды,
Ашыламын...
Жабыламын...
Келмей жүрген қонақтарды
Сағынамын...
сағынамын...
Тұтқамды жұрт тағы ұстады,
Ашыламын...
Жабыламын...
Ағайынды алыстағы
Сағынамын...
сағынамын...
Тұрағым ғой қала мәңгі,
Ашыламын...
Жабыламын...
Ақылы көп балаларды
Сағынамын...
сағынамын...





Пікір жазу