03.10.2022
  208


Автор: Ертай Ашықбаев

КІТАПТЫҢ ЖЫРЫ

Деме:
«Оңай үйренем».
Ақыл айтсам —
егеспе.
Оқу деген —
«Инемен
құдық қазу» емес пе?
Атаң айтқан ақыл бар:
«Кел, балалар, оқылық».
Жұрт осыны мақұлдар —
Қалмау үшін опынып.
Менің әрбір жолымда —
Өмірдегі үлесің.
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көне жұрттың қаласын,
Бабалардың мұрасын —
Мен арқылы табасың,
Мен арқылы ұғасың.
Елдің небір данасын,
Батырлардың күресін —
Мен арқылы табасың,
Мен арқылы білесің.
Шам жағамын жолыңа,
Серт беремін, міне, шын.
Алсаң мені қолыңа,
Бәрін біліп жүресің.
Ұсынамын сый,
көкем,
Түсірмеймін дауға да.
Кәсіпке де үйретем,
Үйретемін саудаға.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып.
Қолдан келіп тұрғанда:
«Кел, балалар, оқылық!»





Пікір жазу