03.10.2022
  94


Автор: Ертай Ашықбаев

ДОМБЫРАНЫҢ ЖЫРЫ

Өткен күннің өрнегі ем,
Тұрам ылғи төрде мен.
Алақандар жоқ шығар
Мені сипап көрмеген.
Іздеп елдің керегін,
Әсем әуен теремін.
Сахнаға шығамын,
Той да бастап беремін.
Аққу құстың сыңқылы,
Бозжорғаның бүлкілі...
Барлығын да айнытпай
Қайталаймын күн-түні.
Қанды ұрыстың зіркілі,
Көк аспанның күркірі...
Шанағымнан шықпайды
Барлығы да күн-түні.
Бабалардың арманын
Осы күнге жалғадым.
«Сындыр» деді —
сынбадым,
Отқа салды —
жанбадым.
Үнім қайта жаңғырды,
Кезіп келдім сан қырды.
Мен жасартып жібердім
Жүзге келген Жамбылды.
Сырымды айттым сәл ғана,
Қарай берме таңдана.
Білгің келсе тарихты,
Мені қолға ал, бала.





Пікір жазу