03.10.2022
175
Ертегі
Сөйлесіп тұр,
қарашы,
Адам,
жәндік,
құс...
бәрі.
Бар ішінде Данасы,
Бар, әрине, Мыстаны.
Қаңбақ шалдан жеңіліп,
Санын соғып қалды Дәу.
Жүрген әбден ерігіп
Таусоғар ұл — ал мынау.
Тың тыңдайды жатып ап
Алыс жақтан Саққұлақ.
Уәзірлер — ақымақ,
Тазша бала — тапқыр-ақ.
Жолға шығар,
бақ сынар —
Кіл ерекше адамдар.
Жеңетіндер — жақсылар,
Жеңілетін — жамандар.
Жетімдердің етегі
Қазынаға толады.
Кедей Хан боп кетеді,
Болмайтын жай болады.
Кей кездері...
Құласа
Қиялымның желкені —
Қауіп емес бұл аса,
...Тікейтеді ертегі.