03.10.2022
129
Тілек
Жинағаным, тергенім —
Осы.
Несін аяйын.
Қандай сыйлық бергенін
Ұмытпаңдар қай айым.
«Берді ШІЛДЕ — АҚҚАЛА,
ҚАҢТАР берді — ГҮЛДЕСТЕ», —
Деп жүрсеңдер мақтана,
Естіген жұрт күлмес пе?!
(Мұны ойға, түй, күнім,
Сын айтпасын ағайын.)
...Құтты болсын СЫЙЛЫҒЫҢ,
Құтты болсын әр АЙЫҢ!